Шоқан — әдебиетші, публицист

Қанафияұлы Н. Шоқан — әдебиетші, публицист: Зерттеу.— Алматы, Қазакстан, 1998 ж.—184 б.

Ұлы ғалым Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың алуан қырлы ұлан-ғайыр творчествосы аз зерттелген жоқ, әйтсе де оның әдебиеттанушылық, публицистикалык, мұралары әлі де талай ғылыми ізденістерге арқау болары анық, өйткені Шоқан еңбегінің нақ осы саласына үңілу арқылы оның халық ауыз әдебиетінің, өнері мен музыкасының жанашыры, сұңғыла зерттеушісі, білгір насихатшысы ғана емес, көркем проза, очерк шебері ретіндегі суреткерлік талантын да айқындап көре аламыз.